жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Медеу Оспанбеков Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Медеу Оспанбеков 1991 жылы 25 мамырда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін 2013 жылы «Құқықтану» және 2016 жылы «Информатика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Жамбыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жөндеуші болып бастаған.

2011 - 2013 жылдары – «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің инспекторы;

2013 - 2014 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2015 жылы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлық қоғамының бизнес аналитигі;

2016 - 2019 жылдары – Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;

2019 - 2024 жылдары – Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы;

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар