жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салынады

Таразда қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салынады
Фото: gov.kz
Бұл бағытта Таразда 3 зауыт салынбақ.

Тараздағы қалалық «Жастар ресурстық орталығы» жыл басынан бері 200-ден астам тазалық акциясын өткізді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы шара қала құрамына қосылған жаңа аудандарда жалғаспақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап. 

Осы орайда эко белсенділермен кездесу өтті. Табиғат жанашырлары жастарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. «Байтақ» партиясының мүшелері еліміздегі экологиялық саясат табиғатты қорғау бағытында жолға қойылғанын атап өтті.

Жалпы, бүгінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау өте маңызды. Өйткені жыл сайын қаладан 20 мың тонна тұрмыстық қалдық шығады. Ал полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жатыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар