Жамбыл жаңалықтар

Таразда арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді

Іс-шара барысында жеке құрамның бірлескен әрекеттері пысықталып, төтенше жағдайлар кезінде күш құрылымдарының өзара үйлесімділігі тексерілді

Тараздағы түзеу мекемесінде арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысында 18, 20 және 24 қараша күндері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде  Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Жамбыл облыстық прокуратурасы, Полиция департаменті және 5513 әскери бөлім бөлімшелерінің қызметкерлерінің бірлесуімен арнайы тактикалық оқу-жаттығулар сәтті өткізілді.
Оқу-жаттығулар «Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің, ҚАЖ департаментінің және 5513 әскери бөлімінің жиынтық жасағының №59 мекемедегі сотталғандардың жаппай тәртіпсіздігінің жолын кесу және жою жөніндегі арнайы операциясы» атты жедел жоспарға сәйкес өтті.

Іс-шара барысында жеке құрамның бірлескен әрекеттері пысықталып, төтенше жағдайлар кезінде күш құрылымдарының өзара үйлесімділігі тексерілді. Оқу-жаттығуға 400-ге жуық қызметкер мен әскери қызметші, арнайы құралдар, қызметтік иттер және арнайы автокөліктер тартылды.

Жаттығулар белгіленген жоспарға сай, қауіпсіздік талаптары толық сақтала отырып  өтті. 
Оқу-жаттығу соңында белсене қатысқан Полиция департаменті,5513 әскери бөлім,Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.
Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті тұрғындарға көрсетілген түсіністік пен қолдау үшін алғыс білдіреді.