Жамбыл жаңалықтар

Таразда Ашық есік күні аясында халыққа тегін медициналық кеңестер берілді

Дәрігерлердің айтуынша, қант диабеті – инсулиннің жетіспеушілігі немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан қандағы қанттың жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру

Бір күндік әлеуметтік-маңызды акция асында қала тұрғындарына Almaz Medical Group, медициналық орталығының мамандары 14 қараша – Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күніне орай, қант диабетіне қатысты маңызды ақпарат пен кеңестер берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәрігерлердің айтуынша, қант диабеті – инсулиннің жетіспеушілігі немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан қандағы қанттың жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру. Ерте анықтау мен алдын алу – денсаулықты сақтаудың басты жолы.

Негізгі белгілері:
– Шөлдеу
– Жиі зәр шығару
– Шамадан тыс шаршау
– Көздің бұлдырауы
– Жараның баяу жазылуы

Алдын алу:
Дұрыс тамақтану
Қозғалыс және күнделікті белсенділік
Салмақты бақылау
Қандағы қантты жүйелі бақылауда ұстау және зиянды әдеттерден аулақ болу

Акция барысында тұрғындар дәрігерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.