жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда IV аймақтық «ITU HACKATHON-2025» инновациялық форумы өтті

Таразда IV аймақтық «ITU HACKATHON-2025» инновациялық форумы өтті
Фото - ашық дереккөз
Шараның басты мақсаты – IT саласындағы өзекті мәселелерге заманауи шешімдер ұсыну, талантты жастарды қолдау және өңірлік цифрландыруды дамыту

Бүгін университет төрінде дәстүрлі IV Аймақтық «ITU HACKATHON-2025» инновациялық форумы өтті. Биылғы хакатонға өңірдің мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының жас IT мамандарынан құралған 40 команда, 200-ге жуық қатысушы тіркеліп, соның ішінде 15 команда финалда бақ сынады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараның басты мақсаты – IT саласындағы өзекті мәселелерге заманауи шешімдер ұсыну, талантты жастарды қолдау және өңірлік цифрландыруды дамыту. Форум университет қабырғасында төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Биылғы хакатон «Банк үшін суперқосымша» кейсі аясында өтті. Бас демеуші – Қазақстандағы цифрлық қаржы қызметтерін дамытуда көш бастап келе жатқан «Банк ЦентрКредит» АҚ. Қатысушылар банк клиенттері үшін тиімді, қауіпсіз және жасанды интеллект элементтері бар жаңа деңгейдегі мобильді қосымша тұжырымдамаларын әзірледі.

Жарыс нәтижесі бойынша
- 1 орын – Double U командасы (350 000 теңге)
- 2 орын – Verdian командасы (200 000 теңге
- 3 орын – IPT Group командасы (100 000 теңге)

Қалған финалистерге алғыс хаттар және жігерлендіру сыйлықтары табысталды.

Форумға салалық сарапшылар мен IT индустрия өкілдері арнайы қатысып, жастарға бағыт-бағдар берді. Олардың қатарында: Ш. Мұртаза атындағы ХТУ ректоры Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, «Банк ЦентрКредит» АҚ өкілдері, Жамбыл облысының цифрландыру басқармасы және Zhambyl HUB жетекшілері болды.

Хакатон аясында панельдік сессиялар өтіп, қатысушылар IT трендтері, қаржы технологиялары және жасанды интеллекттің болашағы туралы құнды ақпарат алды.

ITU HACKATHON – өңірдегі инновациялық экожүйенің дамуына серпін беретін маңызды алаң. Университет алдағы уақытта хакатон ауқымын кеңейтіп, республикалық әрі халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар