Таразда «Шаңырақ – отбасы мен бірліктің алтын діңгегі» атты кеш өтті
Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерге арналған бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға танымдық мазмұндағы ақпарат ұсынылды.
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шаңырақ – ұлт бірлігінің белгісі» атты әдеби-танымдық кеш өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеу, шаңырақтың отбасы мен қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайту.
Кеш барысында қазақ халқы үшін киелі ұғым саналатын шаңырақтың символдық мәні кеңінен насихатталып, оның ұрпақ сабақтастығы мен отбасы бірлігін білдіретін маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерге арналған бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға танымдық мазмұндағы ақпарат ұсынылды.
Іс-шара аясында №69 Жайлы орта мектебінің оқушылары өнер көрсетіп, кештің мазмұнын байыта түсті.
Сонымен қатар, әндер шырқалып, ұлттық билер орындалып, тақырыптық көріністер қойылды.
Шараға арнайы шақырылған қонақтар жастарға ұлттық бірлік, татулық, патриотизм және елге адал қызмет етудің маңыздылығы жөнінде мазмұнды ой-пікірлерін білдірді.