жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Таразда Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
Фото: Алтынбек Қартабай
Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Әділет министрлігінің өкілдері мен сала мамандары қатысты

Тараз қаласында Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалары институтының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Институт 1952 жылдан бері сот-медициналық сараптама қызметін көрсетіп келеді. Ал 1992 жылдан бастап сот сараптамасының өзге де бағыттары жүйелі дамып, 2017 жылы бірыңғай Сот сараптамалары институты ретінде қайта құрылған. Қазіргі таңда мекеме 24 түрлі сараптама және 42 мамандық бойынша қызмет көрсетеді.

Бұған дейін институт екі бөлек ғимаратта жұмыс істеп келген. Жаңа нысан — осы қызметтің сапасын арттырып, заманауи стандарттарға сай жағдай жасау мақсатында пайдалануға беріліп отыр.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков институт ұжымын жаңа ғимаратқа қоныс аударумен құттықтап, бұл оқиғаның өңірдегі құқықтық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Ол сот сараптамасы саласының әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, жаңа ғимараттың сарапшыларға сапалы әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов пен Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаментінің басшысы Алан Тленчиев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның институт жұмысын жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

Рәсім аясында қызыл лента қиылып, қатысушылар ғимарат ішін аралап көрді. Сараптамалық зертханалар мен жұмыс кабинеттері таныстырылды.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар