Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы ҚАЖ мекемесінде кітап терапиясы жасалды

Кітап терапиясы – адамның ішкі жан дүниесін емдеудің, психологиялық тепе-теңдігін қалпына келтірудің тиімді әдістерінің бірі. Бұл бағытта кітап оқу тек танымдық емес, эмоционалды және терапиялық әсерге ие

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің бастамасымен “Құқықтық тәртіп”режимдік бақылау бағдарламасы бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне 
қарасты №58 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандары моральдық психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында “кітап терапиясы” жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кітап терапиясы – адамның ішкі жан дүниесін емдеудің, психологиялық тепе-теңдігін қалпына келтірудің тиімді әдістерінің бірі. Бұл бағытта кітап оқу тек танымдық емес, эмоционалды және терапиялық әсерге ие.
Психология тұрғысынан алғанда, адам кітап оқу арқылы өз ойы мен сезімін сырттан бақылай алады. Кейіпкерлердің өмірі мен тәжірибесін тану – адамның өз мәселесін жаңа қырынан түсінуіне көмектеседі. Мысалы, уайым, жалғыздық немесе күйзеліс кезінде кітаптағы оқиға кейіпкерлерімен эмоционалды байланыс орнату арқылы адам өз сезімін жеңілдетеді.


№58 мекемесінің
аға инспектор психологы
әділет капитаны
А.Е.Аташева