Жамбыл жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінен 1-топтағы мүгедек азамат босап шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 11 ақпан, 2026
- 396
Босату рәсімі сот шешімі негізінде және уәкілетті органдардың қатысуымен жүзеге асырылды.
Тараз қаласындағы 58 түзеу мекемесінен 1-топтағы мүгедек азамат заңда белгіленген тәртіпке сәйкес босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Азаматтың денсаулық жағдайы ескеріліп, оған медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері тиісті мекемелермен бірлесіп пысықталды. Қазіргі уақытта босатылған азаматтың әрі қарайғы оңалту шараларын ұйымдастыру және әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету көзделіп отыр.
Тиісті қызметтер заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында екі жаңа өндіріс орыны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 наурыз, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 28 наурыз, 2026






