жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жүргізуші куәлігін алу емтихандары уақытша тоқтатылды

Таразда жүргізуші куәлігін алу емтихандары уақытша тоқтатылды
Canva
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мәлімдеді

Тараздағы мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жауаптылардың мәліметінше, мұндай шешім практикалық емтихандар кезінде қолданылатын арнайы құрал-жабдықтардың істен шығуына байланысты қабылданған. Қазір қызмет көрсетуші ұйым жабдықты қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

"Тараз қаласындағы Төле би көшесі, 198а мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды қабылдау уақытша тоқтатылды.

Практикалық емтихандарды қабылдау қайта басталғаны туралы қосымша бұқаралық ақпарат құралдары және ресми дереккөздер арқылы хабарланатын болады.

Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңзыға алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар