Жамбыл жаңалықтар

Таразда «Жастар балы – 2025» салтанатты кеші өтті

Жиында үздік деп танылған жастар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды

Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының  ұйымдастыруымен «Жастар балы – 2025» салтанатты кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Салтанатты жиында алғашқы болып сөз сөйлеген облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы үздік деп танылған жастарға ыстық ықыласын білдіріп, өңірдің дамуына үлес қоса берулеріне тілектестік танытты.

Әрі қарай өңірдегі қоғамдық - саяси жұмыстарға белсене араласып, үлкен жетістіктер мен толағай табыстарға қол жеткізген жастар марапатталды. Атап айтқанда жеңімпаздар «Үздік волонтерлік ұйым немесе топ», «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі», «Үздік жастар ресурстық орталығы», «Үздік жастар ресурстық орталығының маманы», «Үздік волонтер жас», «Үздік студент», «Үздік жастар ұйымы», «Үздік жайдарманшы» номинациялары бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды.


Кеш соңына қарай Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері ән шырқап, жастар би алаңынан табылып, келген қонақтар көңілді кеште естелік суретке түсіп, тарқасты.