Таразда жол ережесін бұзған екі азамат жүргізуші куәлігінен айырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 шілде, 2025
- 523
Тараз қаласында ВАЗ-2109 автокөлігінің жүргізушісі Абай көшесімен жүріп келе жатып, жасанды кедергіні айналып өтпек болып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәл сол күні 44 жастағы Cobalt автокөлігінің жүргізушісі де Сейфуллин көшесінде қозғалып келе жатып, осыған ұқсас құқық бұзушылыққа жол берген. Екі жүргізуші де өз әрекеттерімен басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
- Мұндай әрекеттер жолдағы ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі болып саналады, себебі қарсы жолаққа шығу жиі ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болады. Екі жүргізушіге де ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Істерді қараған сот олардың әрқайсысын алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Жамбыл облысы Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау — бұл тек қағаз жүзіндегі білім емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігінің негізі екенін еске салады, - делінген ПД хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






