жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп қолға түсірді

Тараздық полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп қолға түсірді
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Түнгі уақытта Тараз қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген «BMW» автокөлігін байқап қалған.

Жүргізуші полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенді.

Ұстау барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді, алайда полицейлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында ықтимал жол апатының алды алынды.

Ер адамға көлікті мас күйде басқарғаны, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Құқық бұзушының көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: мас күйде көлік жүргізу – адам өміріне қауіпті әрі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып табылады. Өзіңіздің және өзге адамдардың өмірін қорғаңыз!

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар