«Таза Қазақстан»: Экологиялық акцияға 127 мың жамбылдық қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025
- 532
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде атқарылған жұмыстарды айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғалым Исақовтың айтуынша, өңірде экологиялық акциялар өткізу бойынша 47 іс-шара іске асырылуда.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы іске асырылуда. Облыстық мәслихаттың шешімімен жылға дейін бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының Өңірлік жоспары аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жауаптылықты арттыру, экологиялық сауаттандыру, энергия мен суды үнемді тұтыну, қоршаған ортаны сақтау, жасыл желектерді отырғызу, экологиялық акциялар өткізу бойынша 47 іс-шара іске асырылуда. Ағымдағы жылы 11 қазан күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі екі айлық сенбілік кезеңінде жалпы облыстық санитарлық тазалық және көгалдандыру іс-шаралары өткізілді. Іс-шара барысында Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары мен 353 елді мекендерде 61 мыңға жуық тұрғындар, еріктілер және белсенді атсалысушы азаматтар қатысып, 161,1 га аумақ күл қоқыстан тазаланды, 28 мыңға жуық жасыл желектер отырғызылып 5,2 мың тонна күл-қоқыс шығарылды. Атқарылған іс-шара бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігіне есеп беріліп, медиа кеңістігінде кеңінен жарияланды. Бүгінгі күнге «Таза Қазақстан» акциясына 127,2 мың адам және 3,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер қатысты, - деді басқарма басшысы.
Іс-шара аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіштер, 127,8 мың м2 тұрғын үй аулаларын, 3,1 мың шақырым көше жолдарын, 858,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды және 81,6 мың м2 саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 19,2 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілген.
- Акция шеңберінде өткізілген іс-шараларға тұрақты ақпараттық қолдау көрсетілуде. Медиа кеңістікте жыл басынан бері 20 072 материал жарияланып, баспа басылымдарда 395 мақала, телеарналарда 245 сюжет, интернет-ресурстарда 541 материал, әлеуметтік желілерде 27 891 пост жарық көрді. Республикалық телеарналарда 57 сюжет жарияланды, облыс бойынша 75 сыртқы көрнекі ақпарат құралдары орналастырылды. Ағымдағы жылы облыс бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 11,9 млрд. теңге қаралды, оның ішінде абаттандыру және көгалдандыруға 9,8 млрд. теңге, санитарлық тазаулаға 2,1 млрд. теңге бөлінді. Жергілікті полиция қызметімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505, 434-баптарына сәйкес, аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланымдағы орындарда қоқыс тастау фактісі бойынша 31,3 мың дерек тіркелген, жалпы 273,9 млн. теңгеге айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі бойынша телеграмм-бот арқылы жыл басынан жалпы 774 өтінім түсті, оның ішінде: 702 өтінім мерзімінде қарастырылып, 60 өтінім иелерімен бас тартылды, 12 өтінім қаралу үстінде. Халық арасында ақпараттық сервиспен жұмыс істеуді таныстыру үшін арнайы бейнероликтер ресми сайттар мен танымал әлеуметтік желілердегі парақшаларға жарияланды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іс-шаралар жоспары мен оның орындалуы бойынша мәселелер жергілікті деңгейде жүйелі түрде қаралуда. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы өңірде одан әрі сапалы және кең көлемде жүзеге асырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда, - деді Ғалым Исақов.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






