Жамбыл жаңалықтар

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы: Тараздықтар тазалық шарасын өткізді

Шара барысында  Саңырақ батыр көшесі тазартылып, шашылып жатқан қоқыстар жиналды

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында Тараз қаласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шара барысында  Саңырақ батыр көшесі тазартылып, шашылып жатқан қоқыстар жиналды.

Экологиялық бастамаға Облыстық Жастар ресурстық орталығының, Тараз қалалық жастар ресурстық  орталығының мамандары мен “Жасыл ел” еңбек жасақтарының сарбаздары белсене атсалысты.

Игі іске 150-ге жуық жас қатысып, тарихи Тараз қаласының тазалығына өз үлестерін қосты. Мұндай бастамалар – өскелең ұрпақтың туған жерге деген жанашырлығын, жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты қадам.