«Қыс көрсетеді»: Басқарма басшысы Жамбылдағы жолдардың дайындығы туралы айтты
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қазан, 2025
- 650
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов облыстағы жолдардың қысқы кезеңге дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қар қалың түскенде Жамбылдағы кейбір аудандарда жол қозғалысы қиындайтыны белгілі. Осы жайлар биыл ескерілгенін айтқан Мұрат Саурықов жауапты мекемелердің дайындығы тексерілгенін жеткізді.
- Бұл жолды күтіп ұстауға жауапты "ҚазАвтоЖол" мекемесі. Мекемеде қазіргі таңда қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізіліп, қосымша техникалар алынды. Өткен аптада барлығы сапқа тұрғызылып, дайындығы тексерілді. Алдағы қыс уақытта ауа райының қолайсыз кездерінде дер кезінде жедел шараларды қабылдауға дайынбыз деп отыр. Оны енді алдағы қыс көрсетеді, – деп жауап берді Мұрат Саурықов.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






