жұма, 19 желтоқсан, 2025 19:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Заң мен тәртіп”: "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында семинар тренинг өткізілді

“Заң мен тәртіп”: "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында семинар тренинг өткізілді
Фото - ашық дереккөз
Тренингтің мақсаты - буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен белгілері туралы қатысушылардың білімін арттыру

Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында
"Буллингке жол жоқ!" тақырыбында семинар тренинг өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Тренингтің мақсаты - буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен белгілері туралы қатысушылардың білімін арттыру, буллингтің алдын алу жолдарын көрсету, қиын жағдайларда көмек сұрау мәдениетін дамыту, қауіпсіз, қолайлы және достық орта қалыптастыруға жауапкершілікті сезіндіру.
Шараға Мойынқұм аудандық Жастар орталығының директоры М.Күнту, Аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлері, білім бөлімдері қызметкерлері қатысты.
Тренинг барысында қатысушылар буллингтің адам психологиясына және қоғамға тигізетін кері әсерін түсінді, Буллингке қарсы тұрудың нақты жолдары мен көмек көрсету тетіктері талқыланды, «Буллингке жол жоқ» қағидасын ұстана отырып, мектепте және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға ортақ жауапкершілік бар екені айқындалды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар