«Жұмысшы мамандықтар жылы»: Жамбылда кадр даярлау жүйесі жаңаша қарқын алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 желтоқсан, 2025
- 564
Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты Жамбыл облысында техникалық және кәсіптік білім беру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл бастама жас буынды еңбекке баулу, кәсіби дағдыларды арттыру және елдің экономикалық әлеуетін күшейтуге бағытталған. Жұмысшы мамандығы – тек белгілі бір кәсіптің иесі ғана емес, өз ісіне адал, кәсіби білігі жоғары, заман талабына сай қабілеттерді меңгерген тұлға екені атап өтілді.
Биыл еңбек нарығының сұранысына сәйкес облыстағы 32 колледжде 66 мамандық бойынша 6720 орын игерілді. Сондай-ақ мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында техникалық және аграрлық салаларға 117 кәсіпорынның қажеттілігіне сәйкес 570 талапкер қабылданды.
Кәсіптік білімді интернационалдандыру бағытында №7 Бетқайнар колледжінің базасында Қытайдың жетекші XIAN TECHNOLOGY техникалық колледжінің филиалын ашу бойынша пилоттық жоба аяқталуда. Жоба аясында оқу кабинеттері 120 млн теңгеге жабдықталмақ. Бұл – аталған бастаманы республикада алғаш болып жүзеге асырып отырған аймақ.
Өңірде инвестициялық жобаларға кадр даярлау мақсатында «ЕвроХим», Yonggang Group Co., Ltd, Fufeng Group Limited, «Талас Инвест компани», «НДФЗ», «KNAUF» және басқа кәсіпорындармен әріптестік орнатылған.
Биыл:
№10 Шу колледжінде «Агрономия» мамандығына арналған оқу шеберханасы «Қызылша-Жер» ЖШС тарапынан 30 млн теңгеге ашылды;
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Құрылыс» мамандығының материалдық базасы «KNAUF» ЖШС қолдауымен 25 млн теңгеге жабдықталып, қыркүйекте «Құрылыс-хаб» іске қосылмақ.
Сонымен қатар Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университеті, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.Тынышбаев атындағы ALT және «Q» университеттері Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттеріне қысқартылған мерзімде интеграциялық бағдарламамен оқу мүмкіндігін ұсынады. Бұл түлектерге 2 жылда диплом алуға жол ашады.
Әлеуметтік серіктестік аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі студенттеріне 120 орындық жатақхана пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін:
№8 Мойынқұм колледжінде «Дәнекерлеу ісі» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтарының базасын жаңғыртуға 35,6 млн теңге,
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Агро-хабқа – 10,2 млн теңге,
Жаңатас көпсалалы колледжінде Auto-Skills орталығына – 19,4 млн теңге,
Меркі колледжіндегі ІТ-хабқа – 62 млн теңге бөлінді.
Жалпы, аталған жобаларды іске асыруға 127,3 млн теңге бағытталды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





