Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысы Қазақстанды стратегиялық маңызы бар химия өнімдерімен 100% қамтамасыз етіп отыр

Осы жылдың 10 айында қысқамерзімді экономикалық өсім 109,8% деңгейінде қалыптасты

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің бүгінгі даму барысын таныстырып, негізгі көрсеткіштер мен жаңа өсу нүктелеріне тоқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 7,9%-ға өсті. Осы жылдың 10 айында қысқамерзімді экономикалық өсім 109,8% деңгейінде қалыптасты.

«Жыл басынан бері өңірде 1,1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды. Өнеркәсіп өсімі бойынша Жамбыл облысы республикада 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінде – 5-орында. Жалпы өндіріс көлемінің шамамен 63%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі», - деді спикер.

Оның айтуынша, өңір республика бойынша көшбасшылық позициясын берік ұстап тұр: мұнда Қазақстанда өндірілетін натрий триполифосфаты, натрий цианиді, аммофостың, сары фосфордың 100%-ы және қанттың 40%-ы өндіріледі.