Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 1-3 градус аяз болады - Қазигидромет
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қазан, 2025
- 659
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпал етіп жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар жауады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда - тұман, оңтүстігінде - шаңды дауыл болады.
Алматы және Жетісу облысында 1-6 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус аяз болады.






