жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 33 жастағы ер адамнан 3 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында 33 жастағы ер адамнан 3 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: Polisia.kz
Күдікті өз кінәсін мойындады

 Жамбыл облысында республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Сэм есімді қызметтік иттің көмегімен 3 келіден астам кептірілген марихуана сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адам Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезде Аса – Тараз автожолында ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол есірткіні бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орыннан алып кеткен. Тыйым салынған зат көліктің ішінен табылды.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар