жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында "Браконьер" акциясы кезінде 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Жамбыл облысында "Браконьер" акциясы кезінде 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: Polisia.kz
Ең көп құқық бұзушылықтар Шу ауданында тіркеліп, 41 браконьерлік дерек анықталды.

Жамбыл облысында “Браконьер” республикалық акциясы барысында 200-ден астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

20 қазан мен 19 қараша аралығында өңірде табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін сақтау мақсатында рейдтік шаралар өткізілуде. Нәтижесінде 233 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, бір қылмыстық іс қозғалды.

Тіркелген құқықбұзушылықтардың басым бөлігі аңшылық ережелерін бұзу (171 дерек) және қару айналымы қағидаларын сақтамау (44 дерек) жағдайларына қатысты. Сонымен қатар, заңсыз балық аулаудың 18 фактісі белгілі болды.

Мойынқұм ауданында заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Соңғы тәулікте табиғатты қорғау саласында тағы 17 құқықбұзушылық анықталған.

Жамбыл облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын табиғатты аялауға және аңшылық пен балық аулау кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар