Жамбыл облысында фельдшерге травматикалық қарудан оқ атылды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 шілде, 2025
- 573
Жамбыл облысында жергілікті тұрғын жанжал кезінде фельдшерге оқ атқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құқық қорғау органдары тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
«Пациентке шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер тері астына екі сантиметрге дейін кірген оқты алып шықты. Қазіргі жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Ол динамикалық бақылау палатасында жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі жас жігіттің арасында «дефибрилляторды сау адамға қолдануға бола ма?» деген тақырыпта дау туындағаны туралы ақпарат тараған еді. Олар бұл сұрақты жедел жәрдем фельдшеріне қойып, ол мұндай әрекеттің аса қауіпті екенін, тіпті адам өліміне әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірген. Бірақ оның жауабы жігіттердің көңілінен шықпай, жанжал барысында біреуі фельдшерді травматикалық қарумен атып, кеуде тұсынан жаралаған.






