Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында халық табысы мен жалақы деңгейі өсті

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

  2025 жылдың басындағы деректер бойынша облыс халқының саны 1 млн 220,5 мың адамды құрады. Оның ішінде ауыл тұрғындары – 683,1 мың адам немесе жалпы халық санының 56 пайызы. 

Өңірде әлеуметтік салада оң өзгерістер байқалады. Орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы да 10,0%-ға артқан.