сәрсенбі, 24 желтоқсан, 2025 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында мереке қарсаңында жасөспірімдерге профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жамбыл облысында мереке қарсаңында жасөспірімдерге профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Фото: Polisia.kz
Ювеналдық полиция қызметкерлері әкімдіктер мен білім беру органдарының өкілдерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында, жалдамалы пәтерлерде және сауда нысандарында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Жамбыл облысында мереке қарсаңында жасөспірімдерге профилактикалық жұмыстар жүргізілуде,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы полиция департаменті кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтар мен оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Аталған бағыттағы алдын алу шаралары тәуекелдерді талдау мен өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Өткен жылы облыстың бір ауданында жасөспірімдер тобы жаңа жылды ересектердің қатысуынсыз атап өтуді шешіп, петардаларды қолданып, көңіл көтеру бейнероликтерін түсірген. Нәтижесінде жасөспірімдердің бірі қолынан күйік алып, тағы екеуі улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Мереке жедел жәрдем шақырумен аяқталған.

Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қазіргі уақытта бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Рейдтердің негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдері мен пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтау және олардың жолын кесу.

Сонымен қатар мектептер мен колледждерде «Қауіпсіз Жаңа жыл» тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның аясында оқушылар мен ата-аналарға қолдан жасалған пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың қауіптілігі, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну және бос уақытты бақылаусыз өткізудің салдары түсіндірілуде.

Қолайсыз отбасылардан шыққан балалармен және профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдермен жеке түсіндіру жұмыстары да күшейтілді. Оларға психологиялық қолдау көрсетіліп, бірлескен мәдени және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

   Біздің басты мақсатымыз — жазалау емес, қорғау. Біз жасөспірімдердің қателікке бой алдырмауына жол бермеуді және мерекенің өкінішті жағдайларға емес, қауіпсіз әрі жағымды естеліктерге толы болуын қалаймыз. Бұл мәселеде полиция ата-аналардың серіктесі ретінде әрекет етеді, — деді Жамбыл облысы полиция департаменті ҚҚБ бастығының орынбасары Алишер Қалышев.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарды жасөспірімдерді назардан тыс қалдырмауға, олардың араласатын ортасына, мерекелік жоспарларына және жаңа жылды қандай жағдайда қарсы алатынына ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар