Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында сауда айналымы 459 млрд теңгеге жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 416
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
2025 жылдың қаңтар–маусым айларында облыстың жалпы сауда айналымы 459,0 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ға артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның ішінде бөлшек сауда көлемі 2,4%-ға өсіп, 258,3 млрд теңгеге жетті.
Сарапшылардың пікірінше, саудадағы өсім халықтың сатып алу қабілетінің артуымен, жаңа сауда нүктелерінің ашылуымен және ішкі нарықтағы сұраныстың тұрақты болуымен байланысты.





