Жамбыл облысында су қорының 50 гектар жері мемлекетке қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қыркүйек, 2025
- 330
Негізгі бағыты экологиялық мәдениетті және Бизнестің табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болып табылатын «Таза Қазақстан» Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде прокуратура су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
— Аса өзенінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген су қорғау белдеулерінің шекараларына қарамастан пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды. Бұл әрекеттер өзен арнасын өзгертіп қана қоймай, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупін тудырды.
Прокурорлық қадағалау актілері мен енгізілген хабарламалардың негізінде жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке су қорының 50 гектарға жуық жерін қайтарды, — делінген хабарламада.
Әкімдік су қорғау аймақтары мен белдеулері режимінің сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
Су және экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша 11 жер қойнауын пайдаланушылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осылайша прокурорлық қадағалау өрескел бұзушылықтарды жойып қана қоймай, адамдар мен аймақтың экологиясы үшін ықтимал салдардың алдын алды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






