Жамбыл облысында тағы бір ауылға газ берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 18 желтоқсан, 2025
- 75
Жамбыл ауданында биыл соңғы болып, шалғайда орналасқан Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат және Сеңгірбай ауылдарына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін соның аясында 15 қана ауласы бар Сеңгірбай ауылына газ берілді. Қазіргі таңда 8 үйге табиғи отын толық кіргізіліп, тұтынып отырса, ал қалған отбасылар аула алдына келген магистарльды газ құбырын үйге тарту жұмыстарын жүргізуде.
Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы барып, шағын елді мекен мемлекет тарапынан жасалған игіліктерден шет қалмайтынын атап өтті.
- Әрине, баршаңыздан бүгін үйімізге газ келді деп, мерейленген жүздеріңізді көрдім. Сіздермен сол қуанышты бөлісуге асығып, Сеңгірбай ауылына атбасын бұрған жайым бар. Бірінші айтарым, мықты денсаулықтың арқасында көгілдір отынның игілігін ұзағынан көріңіздер, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Айта кету керек, аталған жоба жергілікті бюджет есебінен атқарылды. Енді алдағы уақытта қалған ауылдарға тартылған құбыр үй-үйге кіргізілсе, меже 100 пайыз болады.
Ұқсас жаңалықтар
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2025
"Заң және тәртіп" қағидаты аясында жуалылық жастармен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2025




