Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында жаңа басқарма басшысы тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қыркүйек, 2025
- 661
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ерлан Болатұлы Иманбаев облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ерлан Иманбаев 1976 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: 1997 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Тұтынушы тауарларын тауарлау» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қызмет жолын 1998 жылы Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ішкі істер органдарында түрлі жауапты қызметтерді атқарған.
Келесі мақала





