жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының Үшарал ауылында заманауи өрт сөндіру бекеті салынып жатыр

Жамбыл облысының Үшарал ауылында заманауи өрт сөндіру бекеті салынып жатыр
Фото: Жамбыл облысы ТЖД
Жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде

 «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының аудандарында жаңа өрт сөндіру бекеттерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бағдарламаның басты мақсаты – құтқару қызметтері кеш жететін алыс елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осындай елді мекендердің бірі – Үшарал ауылы. Қазіргі таңда мұнда заманауи өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бекет төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған арнайы техникамен, байланыс құралдарымен және тәуліктік кезекшілікке арналған қажетті жағдайлармен толық жабдықталмақ.

Құрылыс жұмыстары Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен жүзеге асырылуда. Барлық нысандар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби талаптарына сәйкес, бекітілген үлгілік-сметалық құжаттама негізінде салынып жатыр.

 Бұл – өңір басшылығының азаматтардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін көрсетеді.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы – шалғай ауылдардағы тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді бастама. Үшарал ауылындағы өрт сөндіру бекетінің салынуы – халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар