Жамбылда Елен Әлімжанның 80 жасқа толуына орай тағылымды шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:15
- 13
Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанның 80 жылдық мерейтойына арналған «Текті сөздің төресі» атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, сахналық қойылымдар мен музыкалық номерлер арқылы көрерменге жан-жақты таныстырылды. Оған арнайы шақырылған зиялы қауым өкілдері мен шәкірттері қатысып, жазушы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар шара барысында Елен Әлімжанның «Бауыржанның пырағы» және «Абайтаудың арғы жағы мен бергі жағы» атты туындыларының Брайль қарпіндегі және аудио форматтағы нұсқаларының тұсауы кесілді. Жаңа басылымдардың бір данасы №2 «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларына сыйға тартылды.



