Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда Халықаралық Ана тілі күніне арналған әдеби байқау өтті

Шараның мақсаты – жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге баулу, сөз мәдениетін дамыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты әдеби байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Байқау барысында қатысушылар тілге қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдері мен өнерлерін көрсетті. Өлең оқып, мақал-мәтелдер айтып, ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеді.

Әділқазылар алқасы қатысушылардың белсенділігі мен шеберлігін жоғары бағалап, үздіктерді марапаттады.

Мұндай мазмұнды шаралар жастардың тілге деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.