Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда мал дәрігерлеріне қызметтік көлік берілді

Салтанатты шараға облыс әкімі қатысты

Бүгін Таразда «Дала еңбегі - ел ырысы» атты ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ветеренария саласының қызметкерлері қатысты. 
Облыс әкімі жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар маманды  марапаттады.

Сонымен қатар аймақ басшысы мал дәрігерлері мен орманшыларға қызметтік көлік кілттерін табыстады.
Жалпы мал дәрігерлеріне 50 көлік, орманшыларға 15 дана JAC (джак) маркалы кіші кешенді өрт сөндіру автокөліктері берілді. 
Сондай-ақ, демеушілер есебінен «Жамбыл табиғат» қоғамдық қоры арқылы 14 автокөлік және 15 дана пилотсыз ұшу аппараттары мен 17 дана мотоцикл орман қорғаушыларының игілігіне қызмет етеді.