жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда шалғай аудандардан келген жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды

Жамбылда шалғай аудандардан келген жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы министрлік мәлім етті

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының базасында «Дені сау ана» атты жүкті әйелдерге арналған орталық ашылды. Мұндай мекемелерді құру бастамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі көтерген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ондағы негізгі мақсат — ана мен баланың денсаулығын сақтау және перинаталдық көрсеткіштерді жақсарту. Бұл Жамбыл облысының шалғай ауылдарында тұратын, жүктілігі асқыну қаупімен өтетін әйелдерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызып, алдын ала медициналық бақылауға алуға арналған. Болашақ аналар мұнда босану сәтіне дейін медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады.

Акушерлер жүкті әйелдердің жағдайын тәулік бойы бақылап отырады. Босану басталған жағдайда немесе қандай да бір шағымдар туындаса, пациентке дереу білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Жаңа бөлімшенің жұмысымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек танысты. Олар орталықтың ашылуы, әсіресе ауылдық жерлерден келген жүкті әйелдер үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

- Мұнда жүкті әйелдерге бастапқы кезеңнен бастап білікті медициналық көмекті қолжетімді етуге, асқынуларды дер кезінде анықтап, шұғыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ күрделі жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді. «Дені сау ана» орталығы — Жамбыл облысында ана мен баланы қорғаудың қауіпсіз, тиімді әрі пациентке бағдарланған жүйесін құру жолындағы жаңа кезең болмақ, - делінген хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар