Жамбылда сотталғандармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды
Кездесу аясында қатысушылар алдында бұрын сотталған, қазіргі таңда есірткіге қарсы бағыттағы бастамалар аясында волонтерлік қызметпен айналысып жүрген азамат сөз сөйледі.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері өңірдің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК-нің «№59 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар, сондай-ақ өтеу мерзімі аяқталып жатқан азаматтар қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – есірткі қылмыстарына деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шара барысында сотталғандарды өмірлік ұстанымдарын өзгертуге ынталандыруға және салауатты, заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында қатысушылар алдында бұрын сотталған, қазіргі таңда есірткіге қарсы бағыттағы бастамалар аясында волонтерлік қызметпен айналысып жүрген азамат сөз сөйледі. Оның өмірлік тәжірибесі әр адамның жаңа өмір бастап, дұрыс жолға түсе алатынын көрсететін нақты үлгі болды.
Осындай ашық диалог форматы сенімді қарым-қатынас орнатуға, құқықтық білімді нығайтуға және сотталғандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара барысында есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қайта әлеуметтену және қоғамға толыққанды оралу мәселелері талқыланды.
Сотталғандар арасында жүргізілетін профилактикалық жұмыс есірткі қылмыстарына қарсы күрестегі ішкі істер органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.