Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бес млн теңгеден берілді

Қазіргі таңда облыста 3 соғыс ардагері тұрады бар , олардың барлығы Тараз қаласының тұрғыны.

Жеңіс күніне орай Жамбыл облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазіргі таңда облыста 3 соғыс ардагері тұрады бар , олардың барлығы Тараз қаласының тұрғыны. 

Жалпы алғанда, өңірде 3,8 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.

Негізгі көмек алушылардың қатарында тыл еңбеккерлері, сондай-ақ қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдері бар — барлығы 1310 адам. Олардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.

Сонымен қатар, басқа да санаттағы азаматтарға қолдау көрсетілді:

бұрынғы концлагерь тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына — 60 мың және 150 мың теңгеден (2 адам);

бейбіт уақытта әскери қызметте қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына — 50 мың теңгеден (18 адам);

басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (Ауғанстан, Тәжік-Ауған, Ирак, Қарабах) — 150 мың теңгеден (1559 адам);

Чернобыль апаты және басқа да радиациялық апаттардың салдарынан мүгедектік алған азаматтарға, сондай-ақ радиация әсерінен туған балаларға — 150 мың теңгеден (908 адам).

Бұдан бөлек, ардагерлерге 45 АЕК көлеміне дейін санаторий-курорттық емделу мүмкіндігі де қарастырылған.