жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жарты жылда 98,8 млрд теңгенің тау-кен өнімі өндірілд

Жамбылда  жарты жылда 98,8 млрд теңгенің тау-кен өнімі өндірілд
Фото - ашық дереккөз
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Жамбыл облысының тау-кен өндіру өнеркәсібінде оң динамика байқалды

   Алты айдың қорытындысы бойынша бұл салада өндірілген өнім көлемі 98,8 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 145,7 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіш аймақтағы өндіріс әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тау-кен өнеркәсібіндегі өсім облыстың жалпы өнеркәсіп құрылымына да елеулі үлес қосып отыр. Аталған саланың үлес салмағы өндірілген өнімнің жалпы көлемінде 15,2 пайызға жетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс жер қойнауын тиімді игеру және жаңа технологияларды енгізу арқылы мүмкін болып отыр.

Саладағы серпін, ең алдымен, жергілікті экономикаға да оң әсер етуде. Өндірістің ұлғаюы аймақтағы жұмыс орындарының сақталуына, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде. Сонымен қатар, өңір қазынасына түсетін салықтық түсімдердің де артуына жағдай жасайды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы соңғы жылдары тау-кен өндіру бағытында тұрақты даму қарқынын көрсетіп келеді. Мамандар бұл үрдістің алдағы кезеңдерде де жалғасатынын болжап отыр. Әсіресе, шикізатты өңдеу ісін жолға қою және өндіріс көлемін әртараптандыру аймақ экономикасының жаңа мүмкіндіктерін ашпақ.

 

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар