Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда жыл басынан бері 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұдан бөлек, «Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған

Жамбылда жыл басынан 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері облыста 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

 

 

«Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған.