жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл басынан бері 8 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Жамбылда жыл басынан бері 8 тоннадан астам есірткі тәркіленді
istockphoto.com
Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мақсат Қанапяев мәлімдеді.

Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді. Нәтижесінде биылғы жылдың 9 айында облыстық Полиция департаменті 434 есірткіге қатысты қылмысты әшкереледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 8 тонна 745 килограмм есірткі заты тәркіленген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 тонна 651 келіге көп.

Шу алқабынан есірткі тасымалына тосқауыл қою мақсатында Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстары бағытында мобильдік топтар жұмыс істеуде. Нәтижесінде 16 есірткі жеткізу арнасы тоқтатылып, 380 келіден астам марихуана мен 150 келі гашиш тәркіленді, 18 адам ұсталды.

Сонымен қатар, трамадолды заңсыз сатумен айналысқан 8 адамнан құралған ұйымдасқан топ анықталды.

Синтетикалық есірткілермен күрес те ерекше бақылауда: биыл 13 адам ұсталып, 9 келіден астам синтетикалық заттар тәркіленген.

Полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады. Олардың үйінен 8 келіден астам «Мефедрон», 2 тоннадан астам прекурсорлар және арнайы құрал-жабдықтар табылды.

Профилактикалық шаралар шеңберінде:

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 2 458 сайт бұғатталды (2024 ж. – 227);

«Антифрод» жүйесі арқылы 1 604 банк шоты бұғатталып, 50,5 млн теңге заңсыз аударылымның жолы кесілді;

260-тан астам есірткі жарнамасы бар граффити жазбалар жойылды.

Сонымен қатар, 62 мыңнан астам оқушыны қамтыған 815 профилактикалық іс-шара өткізілді.

1 маусым мен 30 қазан аралығында жүргізіліп жатқан «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 6 399 гектар аумақтан 3 870 тонна жабайы қарасора жойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе артық.

«Дәрмек» іс-шарасының үш кезеңінде 3 қылмыстық және 68 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар, 9 мыңнан астам «Трамадол» ампуласы, 33 897 тонна прекурсор, және 6 мыңнан астам психотроптық препараттар есепсіз айналымнан алынды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті алдағы уақытта да есірткі қылмысына қарсы күресті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жалғастыратынын мәлімдеді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар