Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық боксшылар Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025
- 451
Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілдері Мұхамедәлі Рүстембек пен Елнура Қоңырат Манамада өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.
Қос боксшы да табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына екі күміс медаль салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
+80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мұхамедәлі Рүстембек финалда өзбекстандық Асадбек Султанбоевқа жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Сол сияқты қыздар арасында +80 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Елнура Қоңырат финалда үндістандық Аншикадан ұтылып, Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
Бұл жетістіктер Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық қоржынына қосылған маңызды нәтижелердің бірі болды.
Келесі мақала






