Жамбылдық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады
- авторБақытжан Бекболат
- 7 қараша, 2025
- 226
Жамбыл облысында қырағы полицейлер халықаралық іздеудегі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді. Алматы – Ташкент автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды. Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






