Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.
Конкурсқа Жамбыл облысының 18-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады.


Бөлінген грант қаражаты жобаны іске асыру үшін пайдаланылады. Грантты пайдалану мерзімі бір жылдан аспайды.
Өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында жүргізіледі.



Құжаттар қабылдау төмендегідей мекенжай арқылы жүргізіледі:
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, 1, 3-қабат, 303 кабинет.
Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-99-90


Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






