жұма, 8 мамыр, 2026 11:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеңіс күні қарсаңында Жуалыда «Түйе палуандар» сайысы өтті

Жеңіс күні қарсаңында Жуалыда «Түйе палуандар» сайысы өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Жалпы саны 17 палуан қатысқан дүбірлі дода көрермендерге тартысты белдесулер мен нағыз қазақы рух сыйлады.

Жуалы ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған қазақ күресінен «Түйе палуан» сайысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа Жамбыл облысының барлық аудандарынан және Батыс Қазақстан облысынан келген кіл мықты палуандар қатысып, боз кілемде өзара бақ сынасты. 

Жалпы саны 17 палуан қатысқан дүбірлі дода көрермендерге тартысты белдесулер мен нағыз қазақы рух сыйлады. 

Әр палуан жеңіске деген жігерін, қайсарлығы мен шеберлігін көрсетіп, ұлттық спорттың мәртебесін көтеруге өз үлесін қосты.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде қарсыластарының жауырынын жерге тигізген Рысбек Азат бірінші орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Ал Мойынқұм ауданынан келген Бақытбекұлы Орынбасар екінші орынды еншілесе, Жамбыл ауданының намысын қорғаған Жұмабай Жантөре үшінші орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлт ұстазы Аягүл Миразова және заңгер, прокуратура саласының ардагері, генерал Ғабит Миразов арнайы марапаттап, палуандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен қаржылай марапаттар табысталды.

Бұл турнир тек спорттық бәсеке ғана емес, ел үшін от кешкен ардагерлерге көрсетілген зор құрметтің белгісі болды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара ретінде көпшіліктің ықыласына бөленді. Қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген палуандар мен ұйымдастырушыларға көрермендер ризашылығын білдіріп, ел бірлігі мен ұлттық рухты нығайтатын мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар