жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жолдағы ақаулар: мердігерлер мен әкімдіктерге шара қолданылды

Жолдағы ақаулар: мердігерлер мен әкімдіктерге шара қолданылды
Фото: Jambylinfo.kz
Жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бас-аяғы 2381 жолда тексеру жұмыстарын жүргізген.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жолдардың сапасын бақылаумен қатар, орташа жөндеу жұмыстарына арналған жобаларға сараптама жүргізіп, көліктік-пайдалану жағдайын анықтау жұмыстарын да атқаруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жолшылар 91 нысанға 103 рет іссапармен шығып, 329 жол-құрылыс материалының сынамасын алған. Оның ішінде 247 материал зертханалық сынақтан өткізіліп, 66 үлгіде сәйкессіздік анықталған. Қалған 181 материал талапқа сай деп танылды.

– Инспекциялық шығу барысында жалпы 20 ақау тіркелді. Тиісті мәліметтер тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға ресми хат түрінде жолданды. Сонымен қатар біз жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттарға ведомстволық сараптама жүргіземіз. Есепті кезеңде 8 жоба бойынша өтінім қабылданып, қазіргі таңда олар сараптамадан өтіп жатыр, – деді Мадияр Айбынұлы.

Ал жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бас-аяғы 2381 жолда тексеру жұмыстарын жүргізген. Есепті кезеңде 16386 шақырым жол жабыны тексерілсе, нәтижесінде 10579 түрлі кемшілік анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде әкімшілік полиция басқармасының бастығы Болатбек Баятанов мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар жол-көлік инфрақұрылымына және көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты заң бұзушылықтарды жою үшін жол жөндеу ұйымдарының басшыларына 2381 нұсқама берген. 

– Автомобиль жолдарын тиісті деңгейде ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 293 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Шу және Меркі аудандары әкімдіктерінің өкілдері бар. Олар полиция қызметкерлерінің нұсқамаларын орындамағаны үшін жазаланды, – деді Болатбек Темірханұлы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар