жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыдағы сүт зауыты өз тұтынушыларын сапалы өнімдерімен қуантуда

Жуалыдағы сүт зауыты өз тұтынушыларын сапалы өнімдерімен қуантуда
Фото: Jambylinfo.kz
Бүгінде Жуалы ауданында 10 сүт өңдеу цехы жұмыс істейді.

  Олар негізінен шағын және орта деңгейдегі кәсіпорындар санатына жатады. Бұл цехтар жергілікті фермерлерден сүт қабылдап, өңірдің ішкі нарығын түрлі сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

Әрқайсысының өндірістік қуаты әртүрлі болғанымен, барлығы да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, өңір экономикасына үлес қосып келеді.
Сонымен қатар кейбір цехтардың өнімдері Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына ғана емес, шетелге де экспортталып жатыр.

Осы бағытта өз ісімен үлес қосып келе жатқан кәсіпкердің бірі – Мұратбек Нысанов. Ол Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан «Ali-Ko Sut» шағын сүт цехын 2021 жылы іске қосқан. Бүгінде цех күн сайын өнім көлемін арттырып, сұранысқа ие сапалы өнімдер шығарып келеді.

 «Біз мамандарды таңдауда жер­гілікті тұрғындарға басымдық бердік. Бүгі­нгі күні ауылдың жеті бірдей азаматы тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кеткен ләзім. Олар тиісінше ауысыммен жұмыс істейді. Орта есеппен жалақылары 100 мың теңгеден жо­ғары. Бір қуаныштысы – жұмысқа қабыл­дан­ған аза­маттардың барлығы өз ісін же­тік бі­летін мамандар. Сондықтан жұ­мыс барысында айтарлықтай мәселе жоқ.
Цехта технолог, зертханашы, май дайындаушы, сүт қабылдаушы секілді мамандармен бірге әртүрлі жұмыстарды жүзеге асыратын қызмет­керлеріміз бар. Олар жұмысқа арналған арнайы киіммен толықтай қамтылған. Бастысы, санитарлық талаптар, техникалық қауіпсіздік секілді ережелер қатаң сақталған. Қызметкерлердің өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтыны қуантады», - дейді кәсіпкер.

Цехта ауылдың жеті тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Технолог, зертханашы, сүт қабылдаушы, май әзірлеуші сынды мамандар санитарлық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істейді. Орташа жалақы 100 мың теңгеден жоғары.

Мұрат Нысановтың айтуынша, цех аудан ауылдарынан тәулігіне 1,8 тонна сүт қабылдайды. Өнімдер аудан орталығы дүкендеріне, Тараз және Алматы қалаларына жеткізіледі. Қазіргі таңда цех сүттен май, қаймақ, сүзбе, ірімшік, құрт қана емес, айран мен сыр өндіруді де жолға қойған.

Иә, тынымсыз еңбек пен табандылықтың арқасында «Ali-Ko Sut» ауылдық жерден шығып, үлкен нарыққа бет алған өндіріс ошағына айналып келеді. Адал еңбекпен ілгерілеген шағын цехтың болашағына сенім зор.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар