Жуалыдағы «Злиха» қожалығы заманауи агротехнологияны тиімді пайдалануда
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 шілде, 2025
- 678
Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізіп, жер ресурстарын тиімді пайдаланудың үлгісін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2001 жылы құрылған қожалық бүгінде 317 гектар жерді игеріп, егін шаруашылығымен жүйелі айналысуда. Биыл 80 гектар жерге Еуропадан әкелінген жоғары сапалы тұқымнан картоп егілген. Егіс жұмыстарына «Grimme» маркалы заманауи техникалар қолданылып, өнім сапасы мен еңбек өнімділігі артуда.
Сонымен қатар, қожалықта 90 гектарға көпжылдық шөп, 157 гектарға арпа егілген. Барлық агротехникалық талаптар сақталып, тыңайтқыштар мен тиімді технологиялар қолданылуда.
Өнім сақтауға арналған екі көкөніс қоймасы жұмыс істеп тұр. Сыйымдылығы 1500 және 600 тонна болатын қоймалар халықаралық стандарттарға сай климаттық бақылау жүйесімен жабдықталған.
«Злиха» тәжірибесі — агроөнеркәсіптік кешенді тиімді жүргізудің нақты мысалы ретінде бағалануда.





