Жамбыл жаңалықтар

Жуалылық боксшы ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

Жас боксшы ел чемпионатында күміс жүлде иеленді

Алматы қаласында 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, өз шеберліктерін көрсетті.

Осы жарыста Жамбыл облысы құрамасының намысын қорғаған, Жуалы ауданының дарыны – Әбдімансұр Жақсылық жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды!