1 қыркүйекте Қазақстанда 83 жаңа мектеп ашылады
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Елімізде 267 мың орынға арналған 232 мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министр 2025-2026 оқу жылының басында 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектеп пайдалануға беру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Жыл соңына дейін 140 мың орынға есептелген тағы 111 мектептің құрылысы аяқталады.