жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады
Фото - ашық дереккөз
2025 жылдың қыркүйегінен бастап білім, әлеуметтік қолдау, салық, заң және көлік салаларында бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді.

1. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтындар саны артты

Биыл еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллионнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 341 мың бала алғаш рет мектепке барса, 232 мың оқушы 11-сыныпқа көшті. Оқу жылы 2 қыркүйекте басталады.

2. Президент Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды.

3. Мектеп асханаларындағы жаңа ережелер

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. Енді мәзірден қант, тұз, май мөлшері көп өнімдер алынып тасталып, олардың орнына көкөніс, жеміс және табиғи өнімдер ұсынылады. Гамбургер, наггетс, тәтті сусын, балмұздақ, чипсы, сағыз сияқты өнімдерге тыйым салынады. Асханасы жоқ мектептерде оқушыларға ыстық бутерброд, йогурт, жеміс және сусыннан тұратын ланч-пакеттер беріледі.

4. Студенттер стипендиясы өседі

Бакалавриат: 52 372 теңге (2024 ж. – 47 135 тг)

Магистратура: 117 098 теңге (2024 ж. – 107 061 тг)

Докторантура: 262 500 теңге (2024 ж. – 240 000 тг)

Педагогикалық мамандықтар: 84 000 теңге (2024 ж. – 75 600 тг)

5. Жаңа жаза түрі – қоғамдық жұмыс

1 қыркүйектен бастап әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты заңнамаға өзгерістер енеді. Енді ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау, жалған қоңырау шалу, арнайы көліктерге жол бермеу секілді әрекеттер үшін айыппұлмен қатар міндетті қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін.

6. 1 млн теңгеден асатын ақша аударымдары бақылауда

Қыркүйектен бастап үш ай ішінде 1 млн теңгеден астам қаражат аударатын азаматтар салықтық тексеруге түсуі мүмкін. Бұл тексерулер тек туыстық қатысы жоқ тұлғалар арасындағы аударымдарға қатысты. Жақын туыстар арасындағы аударымдар бақылауға алынбайды.

7. Астана әуежайының жабылу мерзімі

Ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты Астана әуежайы келесі мерзімдерде уақытша жабылады:

1–4 қыркүйек  2025 жылғы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін (күн сайын 10:00–18:00 аралығы)

8. Конституция күніне орай демалыс

30 тамыз – Конституция күні. Сенбіге сәйкес келгендіктен, келесі дүйсенбі, 1 қыркүйек те демалыс болып есептеледі.

5 күндік жұмыс аптасы: 30–31 тамыз, 1 қыркүйек – демалыс

6 күндік жұмыс аптасы: 30–31 тамыз – демалыс, 1 қыркүйек – жұмыс күні

9. Зейнетақы тағайындаудағы өзгерістер

1 қыркүйектен бастап азаматтарға зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады.
Қосымша өзгерістер:

Жарна ұстау тәртібі жеңілдетілді;

Кейбір табыстардан (мүгедектердің еңбекақысы) жарна ұсталмайды;

Қайтыс болған адамның туыстарына біржолғы жерлеу төлемі беріледі;

Шоттағы қалдық ең төменгі зейнетақыдан аз болса, толықтай отбасыға өтеді.

10. Жаңа саяси маусым басталады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың өкімімен Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтеді.

11. Жеке қауіпсіздік сабақтары қайта енгізіледі

1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтары қайта өткізіледі. Бұл сабақтар балаларға түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз әрекет етуге үйретуге бағытталған.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар