18 тамызда Зеленский Вашингтонда Трамппен кездеседі
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 16 тамыз, 2025
- 510
18 тамызда Зеленский Вашингтонда Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі, 18 тамыз күні Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен кездеседі.
Барлық мәселелерді қантөгіс аяқталған соң, соғыс біткеннен кейін – дүйсенбі күні Вашингтонда президент Трамппен талқылауды жоспарлап отырмын. Шақырғаны үшін алғысымды білдіремін, – деп жазды Зеленский АҚШ басшысымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін өзінің Telegram-арнасында.
Президент Трамппен әуелі жеке, кейін еуропалық лидерлердің қатысуымен ұзақ әрі мазмұнды әңгіме болды. Жалпы бір жарым сағаттан астам, оның шамамен бір сағатында Трамппен сөйлестік. Украина тағы да бейбітшілік үшін барынша тиімді жұмыс істеуге дайын екенін растады. Президент Трамп маған Ресей басшылығымен кездесуінің мазмұны мен негізгі тұстары жөнінде ақпарат берді. Маңыздысы – Американың қуаты жағдайдың дамуына ықпал етіп отыр, – деп атап өтті Украина президенті.






